Диқандарға құлаққағыс: Жауын-шашын нормадан артық түседі

Гарантированное оформление ВНЖ в Казахстане – ваш путь к новой жизни!

Астық жинау өнімділігі ауа райына қатысты өзгеріп отырады. Ылғалдылықтың деңгейі егін жинау жұмыстарының сәтті өтуіне әсер етеді. Massaget.kz тілшісі егін жинау науқанына қатысты “Қазгидрометтен” болжамдар алды.

Астық жинау өнімділігі ауа райына қатысты өзгеріп отырады. Ылғалдылықтың деңгейі егін жинау жұмыстарының сәтті өтуіне әсер етеді. Massaget.kz тілшісі егін жинау науқанына қатысты “Қазгидрометтен” болжамдар алды.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ауа ылғалдылығының тапшылығы 8 мб-дан жоғары болған жағдайда комбайндар жоғары өнімділікпен жұмыс істейді екен. Өйткені астық пен сабанның ылғалдылығы аз болады. Сәйкесінше, тапшылық 3-8 мб аралығында болса, астық массасының ылғалдылығы артып, комбайнның жұмысы төмендейді. Мұндай жағдайда комбайндардың жұмысы қанағаттанарлық деңгейде бағаланады. Ал ауа ылғалдылығының тапшылығы 3 мб-дан төмен болған кезде комбайндардың жұмысы мүлде қиындай түспек.

Қыркүйектің екінші онкүндігіне болжам

“Қазгидрометтің” болжамында қыркүйектің екінші онкүндігінде астық егілген аймақтарда дәннің ылғалдылығы 14-17 пайыз, ал сабанның ылғалдылығы 18-25 пайыз шамасында болады деп күтіліп отыр.

Қыркүйектің бірінші онкүндігінде жылы және аз жауын-шашынды ауа райы сақталады. Алайда екінші онкүндіктен бастап атмосфералық фронттардың жиі ауысуы байқалады, бұл республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райының қалыптасуына әкеледі. Жаңбыр, желдің күшеюі және ауа температурасының жиі ауытқуы күтіледі. Солтүстік өңірлерде түнде -1°С-тан -7°С-қа дейін суық болуы мүмкін, – дейді орталық өкілдері.

Бұл өз кезегінде жиын-терінге теріс әсер тигізбек.

Хотите жить в Казахстане? Мы поможем с оформлением ВНЖ!

Дегенмен қыркүйекте республиканың көп бөлігінде орташа айлық температура нормадан 1°-қа жоғары болады деп күтіледі. Батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында температура нормаға сәйкес болады. Жауын-шашын мөлшері республиканың көп бөлігінде нормаға сай немесе одан артық, ал оңтүстік өңірлерде нормадан аз болуы мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде жоғары қысым аймағының әсерінен жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжануда, ал ауа температурасы салыстырмалы түрде жылы сақталады. Дегенмен ай бойы температура біртіндеп төмендейді: түнде +15°С…+23°С-тан +3°С…+10°С-қа дейін, ал күндіз +25°С…+35°С-тан +15°С…+23°С-қа дейін төмендейді, – дейді орталық.

Қазан және қараша айларына болжам

Қазанда жауын-шашын мөлшері елдің көп бөлігінде қалыпты және қалыпты мөлшерден көп болады.

Ұлытау облысында, Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының көп бөлігінде, Түркістан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында және Жамбыл облысының солтүстік-батысында қалыпты мөлшерден аз болады. Қазақстанның басқа өңірлерінде жауын-шашын нормадан артық түседі, – делінген орталық хабарламасында.

Ал қараша айында айлық орташа ауа температурасы республиканың көп бөлігінде нормадан 1-2° төмен, ал елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында шамамен қалыпты деңгейде күтілмек.

Қарашада жауын-шашын мөлшері елдің көп бөлігінде қалыпты және қалыпты мөлшерден көп болады деп болжанып отыр. Ал Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының көп бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының батыс жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс шекарасында және Түркістан облысының батысында жауын-шашын мөлшері аз болады, – дейді орталық өкілдері.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Основные аспекты получения РВП в Казахстане:
  • Законные основания: Для получения РВП иностранный гражданин должен соответствовать определенным критериям, таким как наличие работы, учебы, бизнеса, или наличие близких родственников в Казахстане.

  • Документы: Для подачи заявления на РВП потребуется собрать пакет документов, включая заявление, паспорт, медицинские справки и другие документы, подтверждающие основания для получения РВП.

  • Права и обязанности: Владельцы РВП имеют право на легальное проживание, работу, обучение и доступ к медицинским услугам. Однако они также обязаны соблюдать законы Казахстана и миграционные правила.

  • Возможности: РВП может стать первым шагом к получению вида на жительство (ВНЖ) и, в дальнейшем, к постоянному месту жительства (ПМЖ) в Казахстане.

Получение РВП — это важный этап для тех, кто планирует длительное пребывание в Казахстане и хочет легально интегрироваться в общество.

  В Казахстане наступил день тишины

Добавить комментарий