Қазақстандағы мектеп асханалары үш жыл бойы тексерілмегені анықталды. Неге?

Гарантированное оформление ВНЖ в Казахстане – ваш путь к новой жизни!

Республика бойынша мектеп асханаларына соңғы үш жыл бойы тексеріс жүргізілмеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларындағы балаларды тамақпен қамту жүйесіне қатысты берген жауабында айтты, – деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Республика бойынша мектеп асханаларына соңғы үш жыл бойы тексеріс жүргізілмеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларындағы балаларды тамақпен қамту жүйесіне қатысты берген жауабында айтты, – деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

“Үш жыл бойы тексеріс жүргізілмеген”

Министрлік 2020-2023 жылдары мектеп асханаларындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша ешбір тексеріс жүргізілмегенін жазды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Мassaget.kz тілшісіне берген жауабында мәлімдеді. Оны олар шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау себебімен түсіндірді:

“2020-2023 жылдар аралығында шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау себебінен мектеп асханаларын тексеру іс жүзінде жүргізілмеді, өйткені жалға алушылардың көпшілігі (шамамен 90%) шағын бизнес санатына жатады. Мектептегі ас блоктары эпидемиялық мәні жоғары объектілер санатына жатады, оларға қатысты рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру (жарты жылда бір реттен жиі емес), бақылау және қадағалау субъектісіне бару (жылына екі реттен жиі емес) және бақылау және қадағалау субъектісіне бармай, профилактикалық бақылау (жарты жылда бір реттен жиі емес) және жоспардан тыс тексеру тек қана рұқсат беру талаптарына заңбұзушылықтардың расталған фактілерінің болуына қарай жүзеге асады”, – делінген министрлік жауабының мәтінінде.

Хотите жить в Казахстане? Мы поможем с оформлением ВНЖ!

Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайларды тексеру тек атаулы факті тіркелгенде ғана орындалатыны айтылды.

“Өз кезегінде нақты растайтын фактілер мен арыз-шағымдар тіркелген жағдайда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық департаменттерінде жоспардан тыс тексеру тіркеліп, санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Тексеріс жұмыстары бойынша қаражат бөлінген емес”, – деп жауап берді құзырлы мекеме.

Бақылау жұмыстары күшейтіледі

Ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) сәйкес, нысандарды сотқа бермей, объектінің қызметін тоқтата тұру, қауіпті өнімді алып қою және жұмыстан уақытша шеттету түріндегі жедел ден қою шараларын қабылдау бойынша санэпидқызмет органдарына құзырет беру бөлігінде объектілерді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейтуді көздейтін түзетулер арқылы мектеп асханаларындағы жағдайдың жіті тексеруге түсетіні аталды.

“Министрлік санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін мектеп асханаларына қатысты, оның ішінде санитарлық эпидемиологиялық қорытынды болмаған кезде, сәйкес келмейтін өнімді сатуға тыйым салу және медициналық тексеру болмаған жағдайда қызметкерлерді жұмыстан уақытша шеттету жөнінде тиісті ден қою шараларын қабылдайтын болады”, – делінген мәтінде.

2 миллионға жуық оқушы мектепте тегін тамақ ішеді

Елімізде былтырдан бері 753 мектепте асханалар жаңғыртылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі редакцияға берген ресми жауабында жазды.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Основные аспекты получения РВП в Казахстане:
  • Законные основания: Для получения РВП иностранный гражданин должен соответствовать определенным критериям, таким как наличие работы, учебы, бизнеса, или наличие близких родственников в Казахстане.

  • Документы: Для подачи заявления на РВП потребуется собрать пакет документов, включая заявление, паспорт, медицинские справки и другие документы, подтверждающие основания для получения РВП.

  • Права и обязанности: Владельцы РВП имеют право на легальное проживание, работу, обучение и доступ к медицинским услугам. Однако они также обязаны соблюдать законы Казахстана и миграционные правила.

  • Возможности: РВП может стать первым шагом к получению вида на жительство (ВНЖ) и, в дальнейшем, к постоянному месту жительства (ПМЖ) в Казахстане.

Получение РВП — это важный этап для тех, кто планирует длительное пребывание в Казахстане и хочет легально интегрироваться в общество.

  Токаев назначил директора Службы внешней разведки

Добавить комментарий