Гарантированное оформление ВНЖ в Казахстане – ваш путь к новой жизни! |
ТikTok платформасы түрлі трендттегі видеолардың ғана емес, бизнес пен табыс табудың таптырмас көзіне айналды. Қазақстандықтар ТikTok желісінде отыруға қанша ақша құртады және отандық тик-токерлердің табысы қанша? Мassaget.kz тілшісі зерттеп көрді.
ТikTok платформасы түрлі трендттегі видеолардың ғана емес, бизнес пен табыс табудың таптырмас көзіне айналды. Қазақстандықтар ТikTok желісінде отыруға қанша ақша құртады және отандық тик-токерлердің табысы қанша? Мassaget.kz тілшісі зерттеп көрді.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
TikTok-тағы табыс көздері
TikTok желісінде табыс табудың бірнеше мүмкіндіктері белең алды. Олардың көбі контент жасаушылардың танымалдылығына және креативтілігіне байланысты түрлене береді.
- Демеушілік және серіктестік келісімдер. Контент жасаушылар брендтермен серіктесіп, олардың өнімдерін немесе қызметтерін жарнамалайды. Танымал TikTok-ерлер бір видео үшін қомақты сома ала алады. Бұл TikTok-тің ең кең таралған және табысты табыс көзі.
- Тікелей эфир сыйлықтары (Live Gifts). TikTok қолданушылары тікелей эфирде түрлі виртуалды сыйлықтар (гүлдер, монеталар, т.б.) жібере алады, ал бұл сыйлықтар кейіннен ақшаға айырбасталады. Контент жасаушы эфирлерді қызықты етіп ұйымдастырса, одан да жақсы табыс табуы мүмкін.
- Креатор қоры (Creator Fund). Кейбір елдерде TikTok контент жасаушыларды қолдау үшін арнайы қор құрылған, бірақ Қазақстанда бұл бағдарлама әлі жоқ. Қордың көмегімен контент жасаушылар видео қаралымдарына байланысты табыс табады.
- TikTok монетизация бағдарламалары. Кейбір елдерде TikTok-тің өзі белгілі бір талаптарға сай келетін контент жасаушыларға платформадағы белсенділігі үшін төлем жасайды. Бірақ бұл бағдарлама да әлі Қазақстанда ресми түрде жоқ.
- Өнім немесе қызметті сату. Контент жасаушылар TikTok арқылы өз өнімдерін (мысалы, мерчандайзинг тауарлары) немесе қызметтерін (мысалы, тренингтер, кеңестер) жарнамалай алады. Бұл әдіс, әсіресе, қолөнермен, киіммен немесе креативті қызметтермен айналысатын адамдарға өте тиімді.
- Серіктестік маркетинг (Affiliate Marketing). TikTok-ерлер басқа компаниялардың өнімдерін немесе қызметтерін жарнамалай отырып, сатылымнан немесе бағыттамадан комиссия алады. Видеоның сипаттамасында арнайы сілтемелерді қолданып, көрермендер сол сілтемені басқанда немесе өнімді сатып алғанда табыс түседі.
- TikTok Creator Marketplace. Бұл платформа арқылы брендтер контент жасаушыларды таба алады және серіктес болуды ұсына алады. Бұл жерде контент жасаушылар өз бағасын белгілеп, брендтермен тікелей жұмыс жасай алады.
- Қаржылай қолдау көрсету қызметтері. Көптеген TikTok-ерлер өз аудиториясына қаржылай қолдау көрсету үшін Patreon немесе басқа да платформаларды қолданады. Бұл әдіс әсіресе, тұрақты әрі белсенді аудиториясы бар контент жасаушылар үшін тиімді.
Стримерлердің бір күндік орташа табысы қанша?
TikTok эксперті Назерке Еркінбек (Еrke Expert) еліміздегі стримерлер жайлы ойын айтып, олардың орташа табысы жайлы өзінің болжамымен бөлісті.
“Қазақстанда стримерлер бір күнде кемі 100 мың – 1 миллион арасында қаражат табады. Бірақ бұл тұста мен стримерлердің екі түрін бөліп қарастырамын: экологиялық және экологиялық емес. Экологиялық емес стримерлер баттл арқылы, ойын ойнап, бір-бірімен ұрысып, бір-бірінің бетін жұлып, арасында әдейі ұйымдастырылғаны да, кездейсоқтары да бар жарысып кездесу өткізеді. Оны көрген жұрт соған қызығып сыйлықтар, стикерлер жібереді. Халықтың ақшасын алады. Бұл TikTok үшін тиімді. Себебі, стикерлер арқылы оны сатып алып отырған халықтан белгілі бір пайыз ұстайды. Ал экологиялық стримдер кәсіпкерлерге, нишасы бар, белігілі бір мақсаты бар жандарға арналған түрі деп атауымызға болады. Олар тікелей эфирде өз өнімдерін ұсыну арқылы табыс табады” дейді сарапшы.
“Халықта ақша жоқ деген өтірік нәрсе”
TikTok көрермендері тікелей эфирге шығатын стримерлерге сыйлық (стикер) жіберу үшін өз қалталарынан ақша төлейді. Бұл қалай жүзеге асады?
Ең көп таралған виртуалды сыйлықтың құны (роза) – бір монетадан, ал ең қымбаты – 39 999 монетадан (TikTok stars) тұрады.
Хотите жить в Казахстане? Мы поможем с оформлением ВНЖ! |
Теңгелей есептейтін болсақ, 20 монета=149₸; 65 монета=499₸; 330 монета=2490₸; 660 монета= 4990₸; 1321 монета=9990₸; 3303 монета=24 990₸; 6607 монета= 49 990₸; 16 500 монета= 129 990₸ қаражатты құрайды.
TikTok эксперті аталмыш стикерлерге ақша құртатын қазақстандықтардың ісін сынға алып, еліміздегі адамдардың ақшасы жоқ дегенге сенбейтінін айтты:
“Өткендегі Мұрат Әбділда мен Сампоның стримінен кейін біз халықта ақша жоқ деген нәрсенің өтірік екенін көрдік. Өйткені, Мұрат Әбділда бір стрим арқылы елімізде бірден рекорд орнатты. Қандай қымбат монеталарға алынған сыйлықтар жіберілді. Халық – бай. Стримде стикер жіберетін адамдар құмарлыққа салынып кеткен. Сыйлықтар жіберу арқылы адамдар белгілі бір дофамин деңгейін алады. Оларды тоқтату мүмкін емес. Сыйлық үшін TikTok-қа миллиондап ақша салып тастағандар бар. Бұл бір – мисыздық” деп қосты Ерке Эксперт.
Қазақстан TikTok-қа шектеу қоя ма?
TikTok платформасына кей мемлекеттер шектеу қойған болатын. Мәселен Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Индонезия, Иран сияқты елдер және Еуропада Ұлыбританияда платформаның бірқатар функцияларына тыйым салды.
Ал бізде кеше ғана, 3-қазан күні сенатор Геннадий Шиповских Қазақстанда TikTok платформасын бұғаттауды ұсынған болатын. Оның айтуынша, балалардың психикасы мен жалпы денсаулығына теріс әсер ететін, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялылығына қауіп төндіретін бейнекөріністер платформада кеңінен таралуда. Өз жолдауында Геннадий Шиповских Франция, Канада, Қырғызстан сияқты көптеген елдер TikTok-ты пайдалануды шектеу жөнінде шаралар қабылдағанын атап өтті.
“TikTok платформасы экстремизмді, радикализмді, сепаратизмді, шектен тыс қауіпті және моральдық құндылықтарға қайшы контенттерді анықтау және шектеу бойынша нақты алгоритмді ұсынуы керек. Сондай-ақ TikTok платформасы жас балаларды онлайн қауіпті контенттен қорғау мақсатында YouTube Kids секілді балаларға арналған арнайы желі ұсынуы тиіс”, – деді ол.
Сенатордың жолдауына дейін Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау туралы ұсыныстар бірнеше шенеуніктер мен депутаттар тарапынан да көтерілген еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін желідегі балағат сөздері үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған блогер Мұрат Әбділданың түрмеден шығып, бір түнде TikTok арқылы миллионер атанғанын жазған едік.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.